09:33, 11 Мамыр 2021 | GMT +6
«Қызыл» аймақта екі мегаполис пен төрт облыс тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.⠀
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.