«Қызыл» аймаққа енген Атырау облысында 518 науқас стационарда жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймаққа қайта енген Атырау облысында өткен тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырып, 77 адам сауығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей,

соңғы тәулікте қауіпті вирус жұқтырғандардың арасында Атырау қаласынан 49 адам бар. Теңіз кен орнында 13 маманнан коронавирус инфекциясы расталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 4, Құрманғазыда – 5, Мақатта – 4, Индерде – 1, Қызылқоғада 1 тұрғыннан Covid-19 анықталған. Соның ішінде 33 науқаста коронавирустың симптомды түрі байқалған.

«Өткен тәулікте 77 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Қазір үй жағдайында 638 адам емделіп жатыр. Инфекциялық стационарларда 518 науқас хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Оның ішінде модульдік ауруханада – 147, Атыраудағы №2 облыстық ауруханада – 121, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 121, фтизиопульмонологиялық орталықта 53 пациент оқшауланды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанмен, бірқатар нысанның жұмысына рұқсат берілген еді.


Соңғы жаңалықтар