«Қызықты сілтемеге» кірген қазақстандықтардың жеке деректері ұрланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатыны жайлы мәлімет бар делінген сілтемемен бөлісуде. Шын мәнінде, өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізіп жатқан жоқ, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт фишингтік болып табылады, деп жазады stopfake.kz.

«Huawei компаниясының ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы жазылмаған. Сонымен қатар, қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми емес және өндіруші компанияға ешқандай қатысы жоқ» делінген хабарламада.

Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары сілтеме бойынша өту қауіпті екенін ескертеді.

«Егер сілтеме пошта немесе What’sApp арқылы келсе — оны бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау», – деп жазады олар.

Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.

Бұған дейін StopFake.kz алаяқтардың пайдаланушыларды алдау үшін танымал брендтерді қолданатындығы туралы жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар