Қызы далаға тастаған сал әйел Абай қаласының көшесінде үш күн жатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай қаласында үш тәулік бойы көшеде жатқан сал әйел оңалту орталығына орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

52 жастағы Светлана 20 күн бойы оңалту орталығында жатқан, кейін оны ауруханадан шығарған. Бірақ, оның баратын жері болмаған. Светлананың ақшасы мен құжаттары да жоқ, оның қызы анасынан бас тартқан. Туыстары мен таныстары да қабылдамаған.

БАҚ-та ашық аспан астында үш күн бойы қозғалыссыз отырған әйел туралы мақала жарияланғаннан кейін, көптеген адамдар көмек қолын созды. Сол жерге билік, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келген.

«Біз Светлана отырған жерге қайтып келгенде, ол жерде әкімдік өкілдері, депутаттар, полиция болды. Олар жедел жәрдем шақырып, әйелді ауруханаға жіберген», - деді полицияға хабарлаған қала тұрғыны.

Қарағанды облыстық ІІД-де хабарланғандай, әйел оңалту орталығына орналастырылды. Учаскелік полиция қызметкерлері әйелдің туыстарын анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар