Қызметі күдікті қаржылық субъектілердің тізімі жарияланды - Олег Смоляков
«Азаматтарды қаржы нарығында заңсыз қызмет белгілері бар күмәнді субъектілерден қорғау үшін алдын алу шарасы қаралып жатыр. Яғни қазақстандықтарды түрлі сенімсіз қаржы операцияларына қатысудан бас тартқызу мақсатында. Осы орайда биыл қазан айында біздің агенттік күдікті қаржылық субъектілердің тізімін жариялады. Ол тізімнің ішінде қаржы пирамидасының белгілері анықталған 56 ұйым бар. Сонымен қатар 65 тұлға бар. Аталған ұйымдар ел аумағында қаржылық қызметті дербес жүргізеді немесе тиісті лицензиясы жоқ деген күдікке ие. Сол сияқты олардың жұмысында рұқсаты жоқ делдалдарды тарта отырып ұсыну белгілері бар», - деді Олег Смоляков
Бұған дейін аталған агенттік басшысының орынбасары Қазақстанда коллекторларды қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі қаралып жатқанын айтты.