Қызмет көрсету орындары «тең құқықтар» қағидатымен жұмыс істейді – Ғалым Шойкин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында тілдік, ұлттық немесе нәсілдік белгілері бойынша кемсітудің, ар-намысы мен абыройын қорлаудың кез келген нысандарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, 2021 жылдың 9 айында этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі семинарлар, тренингтер мен кездесулердің кестесі бойынша осы салада қызмет етіп жүрген 2 мыңдай азамат арнайы оқудан өткен.

«Жыл басынан бері өңірлер үшін этносаралық қатынастар мәселелері бойынша 9 әдістемелік ұсыным әзірленді. Оның ішінде ерекше атап өтетіні – халыққа қызмет көрсету кезінде этникалық, тілдік немесе өзге де тиістілік белгісі бойынша кемсітулерді болдырмайтын «тең құқықтар» қағидаттарын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Олар қоғам белсенділерін, жұртшылықтың, жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени орталықтарының, жастар ұйымдарының мүшелерін тарта отырып, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуді және этносы бойынша кемсітуді болдырмауға бағытталады. Министрлік дайындаған ұсыныстар биыл өңірлерде арнайы құрылған этносаралық қатынастарды дамыту бөлімдерінің жұмысында кеңінен қолдануға енгізілуде», - деді комитет төрағасы.


Соңғы жаңалықтар