Қытайлықтар қазақстандық омарташылардың балдарына қызығушылық танытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымасқтастық орталығы (ХШЫО) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы экологиялық жағынан таза өнімдерге қытайлықтар тарапынан сұраныс ерекше. Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ресми сайтында жарияланды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, осы уақытта «Қорғас» ХШЫО-на тәулігіне үш мың адам кіреді.

Орталықтың баспасөз қызметі өкілдерінің пікірлерінше, жағдайдың бұлайша қалыптасуына 2016 жылғы 1 қарашадан бастап, Қазақстан азаматтарының «Қорғас» аймағына жеке куәлік арқылы өтуіне берілген рұқст себеп болып отыр.

«Қытай тарапынан да келушілер қатары көбеюде. 2016 жылы «Қорғаст»а 2 миллион 500 мың адам болды»,-дейді «Қорғас» ХШЫО» АҚ халықаралық серіктестік және инвестициялар басқармасының бастығы Құрбанжан Ахметов.

Оның айтуынша, қытайлықтар негізінен, экологиялық таза тағамдарға, оның ішінде нан өнімдері, ет, кондитерлік тағамдарды көптеп сатып алады. Әсіресе, қазақстандық омарташылардың балдары мен отандық минеральды суға деген сұраныс жоғары. Сыйлықтар мен әшекей бұйымдарына да қызығушылық басым.

«2016 жылы қытайлық тұтынушылар қазақстандық өнім өндірушілерден 436 миллион доллардың түрлі тауарларын сатып алған»,-делінген «Қорғас» ХШЫО» таратқан баспасөз мәліметтерінде.

Соңғы жаңалықтар