Қытайдың туристік аймағындағы өрт 13 адамның өмірін қиып кетті

None
None
ТАЙЮАНЬ.Синьхуа-ҚазАқпарат –Шаньси провинциясында (Солтүстік Қытай) туристік аймақта болған өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 15-і зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шаньси провинциясы әкімшілігінің ақпараттық қызметі мәлім еткендей, өрт Тайюань қалалық округінің (Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы) Сяошаньян елді мекеніндегі «Тайтайшань» туристік аймағында, қардан жасалған мүсіндер қойылған көрме залында шамамен 13-те басталған.

Қызмет деректері бойынша, зардап шеккен 15 адамның барлығы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы тұрақты.

Өрттің шығу себептерін тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар