+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қытайдың солтүстік-шығыс өңірлерінде энергетика тапшылығы туындады

2021 жылғы 28 қыркүйек 12:46
Бөлісіңіз:
Қытайдың солтүстік-шығыс өңірлерінде энергетика тапшылығы туындады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-шығысындағы үш провинцияның билігі осы аптада бірнеше елді мекенде электр қуатын тұтынуға шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды «Теңізшевройл» отандық кәсіпорындардың тауарын сатып алуды ұлғайтуы керек – Энергетика министрі Қарағанды облысында ең ескі ЖЭО жаңғыртылады

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жақын айларда қысқы аяз жақындап, электр қуатына сұраныс артқан кезде Қытайдың солтүстік-шығыс өңірлерінде (Хэйлунцзян, Цзилинь және Ляонин провинциялары) электр қуатын өшіру жиілей бастайды.

Бұл жағдай көмірдің жетіспеушілігінен және энергожүйеге түскен салмақтан болады.

Yicai басылымының хабарлауынша, Цзилинь провинциясында келесі жылдың наурызына дейін электр қуаты өшіп отырады. Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы Шэньян қаласында өткен аптадан бастап электр қуатын пайдалануға шектеу енгізіле бастаған. Қаланың кейбір аудандарында бағдаршамдардың жұмыс істемеуінен жол қозғалысы қиындаған.

Қытайдағы көмір тапшылығы отынның осы түрін сатып алу бағаларының өсуіне алып келді. Соған байланысты Қытайдың көмір электр станциялары электр қуатының өндірісін тоқтатып, аса керек жағдайларға үнемдеп қалуды жөн көреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT