Қытайдың «Шэньчжоу-12» ғарыш кемесінің капсуласы 3 ғарышкерді Жерге жеткізді

None
None
ЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бортында үш ғарышкер бар «Шэньчжоу-12» пилоттық ғарыш кемесінің капсуласы Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданына қонды. Бұл туралы жұма күні Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, алғашқы ғарыш стансасын салуға орбитаға жіберілген үш қытайлық ғарышкер үш айлық қызметін сәтті аяқтап, осы жұмада Жерге оралды.

Еске салайық, «Шэньчжоу-12» Жерден 17 маусымда ұшып кетті. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, «Шэньчжоу-12» пилоттық ғарыш кемесінің миссиясы сәтті аяқталды. «Шэньчжоу-12» пилоттық кемесі осы бейсенбіде Жерге қайту үшін Қытай орбита стансасынан бөлінді. Қазіргі экипаждың міндетіне модульге жүк кемесімен жеткізілетін құрылғыларды жинау және қосу кірді. Стансаның құрылысы осы жылдың сәуірінде басталып, 2022 жылы аяқталуы тиіс. Станса 340-450 шақырым биікте жерге жақын орбитада жұмыс істейді. Оның қызметі 10 жылға жоспарланған, бірақ қытайлық сарапшылар оған уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрса, 15 жылға дейін қызмет етеді деп үміттеніп отыр. Қытай мамандарының айтуынша, стансаның барлық түйінін монтаждауға 11 ұшырылым қажет. Құрылғының Жерге қонып жатқан видеосын мына сілтемеден қарауға болады.

Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар