Қытайдың оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі ҚХР-дың сейсмология қызметіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те тіркелген.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сычуань провинциясының Лусянь уезінде (Оңтүстік-Батыс Қытай) 10 км тереңдікте орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қытайдың ірі мегаполисі Чунцин қаласында сезілген.

Ықтимал бүліну мен зардап шеккендер туралы мәлімет тараған жоқ. Сычуань уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.

Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді.


Соңғы жаңалықтар