Қытайдың қор нарығындағы баға құлдырады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдағы қауіпті жаңа коронавирус инвесторларға да әсерін тигізді, дүйсенбі күні Қытай компанияларының акциялары құлдырап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Shanghai Composite 9%-ға төмендеді. Шэньчжэньдегі компоненттер индексі де бірден 9%-ға құлады. Көрсеткіштер, кем дегенде, 7%-ға төмендеді.

Шанхай мен Шэньчжэндегі қор биржалары 24 қаңтардан бастап қытайдың Жаңа жылын тойлау кезінде жабылған болатын. Осы кезде жария етілген мәліметке сәйкес 14 300 адам инфекция ауру жұқтырды, олардың көпшілігі Қытайда тұрады.

Биржа ашылар кезде Қытай тұрақтылықты сақтап қалу үшін нарығына миллиардтаған ақша құятынын жеткізді. Жексенбі күні Қытай Ұлттық банкі банктердің несие беруге қабілеттілігін нығайту үшін қысқамерзімді облигацияны сатып алу қағидатын пайдаланып, қытай нарығына 1,2 триллион юань (173 миллиард доллар) бағыттайтын жеткізді. Бұл шара банк жүйесіндегі «жоғары өтімділікті» және валюта нарығының тұрақтылығын бақылауға көмектеседі.

Нарыққа бағытталған өтімділіктің нақты мөлшері одан төменірек болады. Reuters дүйсенбі күні Орталық банк мәліметтерін негізге алып, басқа қысқамерзімді облигациялық келісімдерді өтеу мерзімі 1 триллион юаньнан асатынын айтты. Бұл ақша айналымының таза сомасы 150 млрд юаньға (22 млрд доллар) төмендегенін көрсетеді.

Орталық банк басшысының орынбасары Пан Гуншен, жағдайды тұрақты ұстап тұруға қандай шаралар қажет екендігін анықтау үшін Орталық банк қаржы мекемелері және нарықтармен байланыста болатынын жеткізді.

Қытайдың қаржы реттеушісі қаржылық тұрақтылықты сақтап қалу мен экономикаға көмек көрсету үшін басқа да он шақты шараны атап өтті. Реттеуші қаржылық қызметтерді жеке тұлғалар мен компанияларға көбірек ұсынатынын мәлімдеді.

Азияның басқа елдеріндегі биржалар дүйсенбі күні баға құлдырауымен ашылды. Жапониялық Nikkei 225 (N225) 1,5%-ға құлады. Айта кетерлігі, елде коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелген.

Оңтүстіккореялық Kospi 1,6%-ға төмендеді. Бұл елде жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 15-ке жетті.


Соңғы жаңалықтар