Қытайдың ірі әкімшілік аймағында карантин шаралары күшейтілді

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – COVID-19 індетіне байланысты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі құмар ойын орталығы саналатын Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағында карантиндік шаралар күшейтілді. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.

Бейсенбіден бастап Макаода ойын-сауық орындары, соның ішінде кинотеатрлар мен театрлар жабылды. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету қызметтері арқылы жұмыс істейді.

Жергілікті коронавируспен күресу және үйлестіру орталығының мәліметі бойынша, 25 маусымға дейін ПТР сынақтарынан өтпеген Макао тұрғындарына «денсаулық кодының» сары белгісі беріледі. Ережеге сәйкес, сары түсті «QR коды» бар адамдарға қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынуы, қоғамдық көлікті пайдалануына және әкімшілік аумақтан шығуына тыйым салынуы мүмкін.
25 маусымнан жергілікті билік Макао тұрғындарын коронавирусқа қарсы антигенге тексеру науқанын бастайды.


Соңғы жаңалықтар