Қытайдың ғарыш кемесі ұшуға дайындалып жатыр

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Экипажы үш тайконавтан (Қытайда ғарышкерлерді осылай атайды) тұратын «Шэньчжоу-14» басқарылатын ғарыш кемесі ҚХР-дың орбита станциясына аттанады, ол қазір ұшырылымға дайындалып жатыр. Бұл туралы басқарылатын ғарышқа ұшу бағдарламасының Қытай басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, жексенбіде «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі және «Чанжэн-2F» («Ұлы жорық») зымырантасымалдағышы ұшыру алаңына орнатылған.

«Шэньчжоу-14» кемесімен бірге зымырантасығыш ұшырылатын «Цзюцюань» ғарыш айлағының (Ганьсу провинциясы, Солтүстік-Батыс Қытай) қызмет көрсету құралдары мен жерүсті жабдықтары штаттық режимде жұмыс істейді.

Ұшырылым алдында алдын ала тексеру жоспарланып отыр.

Орбиталық станцияға үш тайконавты жеткізетін «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі маусым айында ұшырылады деп күтілуде.

Қытайлық астронавтар Қытайдың «Тяньгун» (аспан сарайы) бірінші ғарыш станциясын іске қосу жұмысын жалғастырады және алты ай орбитада болады.


Соңғы жаңалықтар