Қытайдан келген 91 жастағы кейуана азаматтық алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Камал Қаһарманқызы 1929 жылы қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында туған. Ел ішіндегі аумалы-төкпелі заманда 1932 жылы 5 жасында ата-анасымен Қытай Халық Республикасына қоныс аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы Қытай елінің Бұратала облысы, Арасан ауданында ауыл-шарушылығы саласында еңбек еткен. 1947 жылы Тегісбай Ыбырайымұлына тұрмысқа шығады.

«Бала бауыр етің» дегендей, 4 ұл, 5 қызынан 40 астам немере-шөбере көрген. Тағдыр жазуымен атажұрттан алыс кеткен кейуананың арманы елге оралу болған. Қазақстанға алғаш рет жолдасы Тегісбай Ыбырайымұлымен 2004 жылы келіпті. 2006 жылы отағасы өмірден өтіп, елге келуіне қиындық туады. Араға жылдар салып отбасымен елге көшіп келеді. Осы тұста Камал әже құжат жасату жағынан қиындыққа ұшырайды. Себебі елімізде шетелден келген азаматтарға құжат жасатудың өзіндік тәртібі бар. Атап айтсақ, туу туралы куәлік болуы және паспортта тегі көрсетілуі керек. Осы екі себеппен біраз уақыт құжатын жасата алмайды. Осы орайда «Отандастар қоры» Камал әженің мәселесін қолға алып, тиісті мекемелердің көмегімен азаматтық куәлігін алып берді. Ғасырға жуық жасаған әженің оларға айтар алғысы шексіз.


Соңғы жаңалықтар