Қытайдан Алматыға келгендер дәрігерлердің бақылауында

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қытайдан Алматыға келген адамдар дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай мен Қазақстан арасында әуе рейстерін төрт компания жүзеге асырады. Алматыға аптасына 20 рейс орындалады. Кеше Қытайдан мегополиске 300 жолаушы келді.

«Елге келген барлық жолаушыны термометрия және тепловизор құрылғысы арқылы тексеруден өткізеді. Оларды бақылау әуеде басталады. Борттағы әр жолаушы бортсеріктің жіті назарында болады. Егер науқаста катаральды немесе ішек инфекцияларына күдік туса, ақпарат дереу жерге хабарланады. Ұшақ әуежайға келгенде біздің мамандар қарсы алады. Алматы әуежайында екі арнайы бөлме бар», – дейді Айзат Молдағасимова.

Тіркеу қызметінің мәліметі бойынша, қалада 2222 қытай азаматы медициналық көмек алуға тағайындалған. Олардың визасы бар және осында тұрады.

«Жоғарыда аталған Қытай азаматтары қаладағы емханаларға бекітілген. Олардың 18-нен катаральды құбылыстар байқалады, жағдайлары қанағаттанарлық. Ешқайсында коронавирус анықталған жоқ. Сонымен қатар, Қытайдың әртүрлі провинциясында оқитын 17 студент келді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық», – деп қосты ол.


Соңғы жаңалықтар