Қытайдағы толассыз нөсер: 226 мың адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында 226 мың адам су тасқыны салдарынан эвакуацияланды.

Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан судың деңгейі көтерілген. Ондаған елді мекен су астында қалды, 20 мың үй қирап, жолдар шайылып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала есеп бойынша, жаңбырдың залалы 12,5 миллиард юаннан (1,8 млрд доллар) асып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар