Қытайдағы танымал жазушысы Қазақстандағы жағдайға пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қытайдағы танымал жазушысы, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Акбар Мажит Қазақстандағы соңғы болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде тәртіпсіздіктер жойылып, елде конституциялық тәртіп орнағанын жариялады. Ең күтпеген және қиын сәтте Президент Тоқаев қалыптасқан жағдайды тез шешу үшін батыл және жігерлі қадам жасады, бұл тұтастай алғанда оның мемлекет қайраткері ретінде алдына қойылған кез келген міндетті шешуге дайындығын көрсетеді. Ол ел мен халық алдында үлкен жауапкершілік алды», - деді Акбар Мажит.

Қытайлық жазушының пікірінше, ол Қазақстанның тұрақтылығына нұқсан келтіретін және қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген күшке қарсылық білдіретінін және оны айыптайтынын жеткізді.
«Біз Қазақстан халқының бейбіт өмірін бұзатын кез келген күшті, Қазақстанда әдейі тәртіпсіздіктер тудыратын және «Түрлі-түсті төңкерістерді» туындататын кез келген күшті және Қытай-Қазақстан қатынастарына нұқсан келтіретін және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа кедергі келтіретін кез келген күшті айыптаймыз және оған қарсылық білдіреміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар