Қытайдағы өрттен 22 адам мерт болды

None
None
Қытайдың Цзянсу провинциясындағы екіқабатты жер үйден өрт шықты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Салдарынан 22 адам тілсіз жаудың құрбаны болып, тағы 3 адам жарақат алды. Билік өкілдері қызыл жалынның ауыздықталғанын және жапа шеккендердің ауруханаға жеткізілгендіктерін айтты.

Өртке байланысты тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар