Қытайдағы кеме апаты: 6 адам жоғалып кетті

None
None
ХАЙКОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстігінде «Нангка» тайфунының әсерінен болған апаттан құм тасушы кеме экипажының алты мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

10 экипаж мүшесі мінген құм таситын кеме 20:00 шамасында аударылып кеткен. Ол Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласына бағыт алған. Бұл туралы Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының әкімшілік орталығы Хайкоу қаласындағы «Саньша» теңізіндегі құтқару орталығы хабарлады.

Құтқарушылар зардап шеккен төрт адамды алып шыққан, қалған алтауы жоғалып кеткен.

Құтқару кемесі оқиға орнына келді. Бірақ ол қатты жел мен теңіздегі алапат толқын салдарынан батып бара жатқан кемеге жақындай алмады.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Жоғалғандар іздестіріліп жатыр.

Биыл қатарынан 16 рет болған «Нангка» тайфуны сейсенбі күні сағат 19:20 шамасында 90 км/сағ жылдамдықпен Хайнань провинциясының Цюнхай қаласына жетті.


Соңғы жаңалықтар