Jańalyqtar
Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды
2021 жылғы 24 қаңтар 17:27
Бөлісіңіз:

ЯНТАЙ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Құтқарушылар Қытайдың Шаньдун провинциясында 11қаңтарда жарылыс болған алтын өндіретін шахтадан 11 адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ұқсас жаңалықтар
Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады
1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі
СҚО полицейлері көлігімен жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Агенттіктің хабарлауынша, алғашқы құтқарылған кеншіні жергілікті уақыт бойынша 11:13-те алып шыққан. Ер адам ауыр жағдайда болған, оны дереу ауруханаға жеткізді.
Құтқару операциясына 633 адам мен 407 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда аталған шахтада жарылыс болып, 22 адам жер астында қалып қойған болатын. Құтқарушылар 12 кеншімен ғана байланыс орната алды, олардың біреуі кейіннен қаза тапты. Қалған он адамнан әзірге хабар жоқ.
Бұған дейін қытайлық құтқарушылар алтын кенішіндегі апаттан кейін екі апта бойы жер астында қалып қойған жұмысшыны алып шыққанын хабарлаған болатынбыз. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қостанайда жол апатынан қаза тапқандардың саны жетеу болды
- Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
- Қылмыстық топ еліміздің төрт қаласына пойызбен есірткі тасымалдаған
- Петропавлда жатақханадағы жарылыста күйіп қалған бойжеткен қайтыс болды
-
СҚО-да үйде жалғыз қалған 6 жасар бала өрттен көз жұмды
-
Түркістандағы қайғылы жағдай: Үйлерді аралау жұмыстары да отбасын құтқара алмады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER