Қытайда жүк пойызы тұрғын үй ғимаратына соғылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігінде Хэнань провинциясындағы Гунъи қаласында жүк пойызы апатқа ұшырап, салдарынан алты адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы бейсенбі күні Sina ақпараттық порталы хабарлады.

Оның дерегі бойынша, оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 22:00-де болған. Chalco компаниясының боксит тиелген теміржол құрамы рельстен шығып кетіп, тұрғын үй ғимаратына соғылған.

Билік құтқару жұмыстарын жүргізу үшін және апаттың салдарын жою мақсатында жедел топ ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар