Қытайда жүк көлігі базарға соғылып, алты адам мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Қытайдың Ганьсу провинциясында жүк көлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын базарға соқтығысты. Салдарынан алты адам мерт болып, тағы 14-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Динси қалалық округінің Чабучжэнь елді мекені аумағында болған. Жүргізуші белгісіз себептермен жүк көлігін басқара алмай қалған.

Бес адам оқиға орнында қаза тапты. Алтыншысы ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен 14 адамның бесеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған.

Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтауда.


Соңғы жаңалықтар