Қытайда жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдан оңтүстікке қарай 327 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні Алматы уақытымен 16 сағат 05 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 327 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,1. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 10 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар