Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар - қорғаушы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақжарқын Тұрлыбай мен Мария Дапирканың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов екі қыздың да тағдырына байланысты болжамымен бөлісті. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында қорғаушы шулы істердің соңы немен аяқталуы мүмкін екендігін айтып берді.

- Бүгінде 2600 сотталушы шетелдік түрмелерде жатыр. Олардың қатарында Ақжарқын Тұрлыбай мен Ресей азаматы Мария Дапирка бар. Екі істің арасында қандай байланыс бар?

- Ақжарқын мен Мария есірткі тасымалдады деген айыппен сотталды. Екі оқиға да 2014 жылы болған. Гуанчжоу әуежайында Ақжарқынның сөмкесінен полиция 4,5 келі есірткі тапқан болатын. Бұдан сәл аз, 2,7 келі есірткіні Марияның сөмкесінен Вьетнам полициясы тапты. Бұл екі істе де қыздар жазасын шетелде өтеп жатыр. Істердің соңғы шешімі де ұқсас аяқталуы мүмкін. Қазақстандықтардың көпшілігі 18 жастағы нәзік қыз жалғыз өзі есірткі тасымалдады дегенге сенбейді. Оның жағдайы туралы не айтуға болады? Әрине, оған қазір қиын. Ересек ер адамдар да түрменің жағдайын шыдай алмайды. Азия елдеріндегі түрмелерде тәртіп қатал. Айта кету керек, Ақжарқын Қытайға алғаш рет шыққан. Бұрын оның төлқұжаты да болмаған. Есірткімен күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының хабарлауынша, Ақжарқын мен Мария Дапирка нигериялық наркомафияның құрбаны болған.

Екі жағдайда да трансұлттық есірткі тобы жұмыс істегені көрініп тұр. Олар бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі адамдарды есірткі бизнесіне жегумен айналысып жүрген. Қылмыскерлер адамның сеніміне кіреді. Онымен махаббат құруы да мүмкін. Ақжарқын Алматыдағы дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Бармен Джонни де осы дәмханада қызмет еткен. Джонни Ақжарқынға тауар жеткізіп берші деп өтінеді. Ақжарқынға ҚХР ҚК 374 бабымен қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бұл бап бойынша, ол 20 жылға немесе өмір бойына бостандығынан айрылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.

2017 жылдың қазанында осы іске нүкте қойылуы ықтимал. Бірақ уақыты өзгеруі де ғажап емес.

- Ақжарқынды елге қайтаруға мүмкіндік бар ма?

- Әрине. Бұл жерде Қазақстан-Қытай қатынасы үлкен рөл ойнайды. Ақжарқын Қытайда сотталса да, халықаралық келісім бойынша ол Қазақстанға беріледі. Алайда оның бірнеше шарты болуы мүмкін. Ол үшін бұл іс Қытай қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі шарт.

Мен Ақжарқынның ісі Қытайдың қауіпсіздігіне зәредей кесірін тигізбейді деп ойлаймын.

- Неге Мария Дапирканы да сіз қорғайсыз? Ресейде де тәжірибелі қорғаушылар бар ғой?

- Біріншіден, бізде тәжірибе бар. Марияның туған туысқандары да Ақжарқынның ісін көрді. Сол себепті менімен байланысқа шықты.

- Дапирка ісінде үміт бар ма?

- Қазір іс Марияның қылмыстық ой-пиғылын анықтау үшін Хошимин прокуратурасына жіберілді.

- Екі істің де ақырынан не күтесіз? 
- Мария Дапиркаға келсек, ол өз кінәсін мойындамайды.
Сот үкімі Марияны айыпты деп шешсе, үкімнің орындалуы Ресейде жүзеге асуын сұрайтын боламыз. Себебі, екі ел арасында Вьетнам жерінде қылмыс жасаған ресейлік азамат еліне қайтарылады деген келісім бар. Одан арғы әрекетімізде біз қылмыстың кешірілуін өтінетін боламыз. Ақжарқынға келсек, ол өз кінәсін мойындамай отыр. Сондықтан, ол ақталады деп сеніп отырмыз.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Соңғы жаңалықтар