Қытайда тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында бортында жолаушылар болған тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Пэнпай» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Сычуань провинциясының АБА-Тибет-Цян автономиялық округінің Хэйшуй уезіндегі таулы жерде болған. Жергілікті куәгерлердің айтуынша, тікұшақ жолаушыларының арасында жарақат алғандар бар.

«Пэнпай» жазғандай, полиция тікұшақпен болған төтенше жағдайды растады. Апаттың себептері анықталуда.


Соңғы жаңалықтар