+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Қытайда шахтадағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

2019 жылғы 17 желтоқсан 12:25
Бөлісіңіз:
Қытайда шахтадағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

ГУЙЯН. ҚазАқпарат – Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпара» Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан он төрт кенші қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды.

Синхуа агенттігінің хабарлауынша, көмір мен газ қопарылысы сейсенбі күні түнгі сағат 01:00 шамасында 23 шахтер жер астында жұмыс істеп жатқан кезде болған. Жеті жұмыскер қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған.

«Төтенше жағдай жарияланды, құтқару операциясы мен тергеу жалғасуда «, - деп жазады Синхуа.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT