Қытайда сауыққан пациенттердің тесті оң нәтиже берген үлесі 15%-ға жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда COVID-19 сауыққан пациенттерден алынған коронавирус тестінің оң нәтижелер көрсеткіші шамамен 5-15%-ды құрайды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің алдын алу және бақылау бірлескен механизмі сараптамалық тобының мүшесі, Бейжің университеті жанындағы №1 ауруханасының инфекциялық бөлімінің меңгерушісі Ван Гуйцзян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта, алдын ала деректер бойынша, елде «қайталанған оң» жағдайлары (коронавирустан сауыққандардың арасында - шамамен) 5-15% құрайды. Кей жерлерде өте төмен, пайыздың оннан бір бөлігі ғана», - деп атап өтті Ван Гуйцзян.

Оның айтуынша, емделіп шыққан, коронавирусқа қайта тест тапсыру кезінде оң нәтиже алынған пациенттердің көпшілігінде бұл вирустық аурудың белгілері жоқ.

Алайда, ол нақтылық үшін қосымша зерттеулер қажет екенін айтты.

Өткен тәулікте (2020 жылдың 7 мамыр күнгі сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырған бір ғана жағдай тіркелген. COVID-19 вирусына байланысты қайтыс болу фактісі жоқ екенін хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссия

Құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған жалпы жағдайлар саны 82 886 адамға жетті. 77 993 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. 4633 адам қауіпті вирустан көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар