Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирустың жаңа түрінен мерт болғандар саны 1016-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй - 103).

Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да індетті жұқтырғандардың жалпы саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза тапты. 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Ресми статистиға сәйкес, эпидемия ошағы Хубэй провинциясынан басқа аймақтарда індетті жұқтыру оқиғасы жетінші күн қатарынан азайып жатыр.

Қазақстанмен шекаралас Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді. Оның ішінде Іле-Қазақ автономды аймағында – 10, ауданның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында 20 адам індет жұқтырған.

Қазіргі уақытта аталған аймақтағы 3842 адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында.


Соңғы жаңалықтар