Қытайда коронавирустан 2 715 адам қайтыс болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда бір тәулікте 406 жаңа корнавирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, осы инфекциядан 52 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеті сәрсенбі күні 406 жаңа корнавирус жұқтырған адамды анықтады, ал сейсенбі күні 52 адам осы инфекциядан қайтыс болды. Өлімнің барлығы Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) тіркелді, деп хабарлады мекемедегілер.

Сейсенбі күні тағы 439 адам індет жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркелген. Сол күні 2422 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды, дерттің ауыр түрінің саны азайып жатыр.

Сейсенбінің соңындағы дерек бойынша, Қытайда (Сянган, Аомэнь және Тайваньды есепке алмағанда) коронавирус жұқтырған 78 064 адам тіркеліп, 2 715-сі осы аурудан өлді. Тағы 2491 адамда коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдік бар, деп толықтырды комитеттегілер.

Елде 29 745 адам дертінен айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен тығыз байланыста болған 79 108 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Фото: Reuters


Соңғы жаңалықтар