Қытайда коронавирус жұқтыру азайып жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Кофе пайдалы ма? - The New York Times


Кофені сүйетін адамдар қатары күн санап артуда. Дегенмен, оны белгілі бір мөлшерден асырса, адам ашулы болып қана қоймай, денсаулығы да кері кетеді, деп жазады The New York Times.

Басылымның жазуынша, кофені күніне 3-5 кесе ішу керек. Бұл шамамен кофеиннің 400 миллиграмын құрайды. Бұл жағдайда кофе адамдарға пайдалы.

«Ғалымдар зерттеу нәтижесінде кофе өлім қаупін азайтатынын анықтады», - дейді ұлттық рак институтының ғылыми қызметкері Эрикка Лофтфилд.

Оның айтуынша, жақында кофе белгілі бір мөлшерде дұрыс тамақтанудың элементі ретінде танылған.

«2017 жылғы үлкен зерттеу нәтижесінде де Британ медицина журналында жарияланған баяндамада кофе көп жағдайда пайдалы екенін көрсеткен. Бұған дейін жүргізілген 200-ден астам зерттеулерді саралаған авторлар кофе жүрек қантамыр аурулары, инсульт пен ерте өлім қаупін азайтатынын анықтады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, кофенің жүкті әйелдерге қалай әсер ететіні белгісіз.

Дегенмен, Америка медицина ассоциациясы жүргізген зерттеуге жарты миллионға жуық адам қатысып, олардың арасында бір немесе сегіз кесе кофе ішкендердің денсаулығының арасында ешқандай айырмашылық таппаған.

Бір апта фаст-фуд жеу есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді - Daily Mail


«Бір апта фаст-фудпен тамақтану мидың бірнеше бөлігін зақымдайды. Ғалымдардың зерттеуіне қатысқандар когнитивті тестте нашар нәтиже көрсеткен. Бұл гиппокамп деп аталатын ми бөлігіне зақым келгенін дәлелдейді», - деп жазады Daily Mail.

Басылымның жазуынша, гиппокамп адам тойған кезде, тамақ ішуді доғаруына жауап береді. Сонымен қатар мидың бұл бөлігі есте сақтау қабілетіне де әсер етеді.

«Зертетушілердің айтуынша, мидың бұл бөлігі зақымданса, адам алдына келген тамақтан бас тарта алмайтын болады. Бұл зерттеу адамдардың қарны аш болмаса да, не себепті тамақ ішетіндеріне қатысты сұраққа жауап береді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, зерттеуге 110 студент қатысқан. Олардың жартысы фаст-фуд жесе, қалғандары майы аз тамақ тұтынған. Зерттеу туралы баяндама Open Science журналында жарияланған.

Ережесіз әлемде өмір сүре аламыз ба ? - ВВС


Адамдардың көбі ережесіз өмір сүргісі келеді. Ережесі жоқ өмірді армандайды. Әсіресе, жол ережесі ғана емес, үй алу немесе отбасын құру секілді шарттылықтар да шаршатып жатады, деп жазады ВВС.

«Бізге бұл ережелер керек пе? Біз неге оларды ұстану керекпіз?», деп жазады автор.

Оның айтуынша, жазылған және жазылмаған ереже өмір тәжірибесіне айналған. Көпшілік ереже адамның тәуелсіздігін шектеп, «ереже бұзылу үшін жасалған» деп жатады.

«Алдымен ережесіз өмірді елестетіп көріңізші. Тіпті, ойымды жеткізетін тілдік ережелерсіз өміріміз қандай болар еді? Тіл ережесінің бұзылуы мені тілсіз қалдырады. Ереже спортта да, ойындарда да бар. Мысалы, ережесі болмаса, шахмат шахмат болмас еді», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, жол ережелері мен айналаға қоқыс тастамау туралы ереже қоғамдағы гармонияны қамтамасыз етеді.

«2009 жылы Нобель сыйлығын алған Саяси экономист Элинор Острдың айтуынша, ереже ұжымдық сипаттан туындайды. Яғни, ереже әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастан туындайды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, әлеуметтанушылар ережені ұстану әлеуметтік және экономикалық өмірдің негізі екенін айтады.

Қытайдың 21 ауданында бір тәулікте бір де бір коронавирус жағдайы анықталмады - The Diplomat


Қытайда Хубэй провинциясынан басқа жерлерде коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр. Өткен тәулікте Хубэйден басқа жерлерде тек 18 жаңа факті тіркелсе, ҚХР-дің 21 ауданы коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді, деп жазады The Diplomat.

Денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 22 ақпанда тіркелген 648 жағдайдың 630-ы Хубэй провинциясында анықталған.

«30 қаңтардан бастап бірнеше ауданда коронавирус тіркелмеді. Алғашқылардың бірі болып Тибет автономды ауданы коронавирустың жаңа фактісі тіркелмегенін мәлімдеді. Одан кейін Цинхай провинциясында 17 күн бойы осындай жағдай сақталып тұр. Соңғы тәулікте 21 ауданда коронавирустың жаңа фактісі тіркелмеген», - деп жазады басылым.


Соңғы жаңалықтар