Қытайда көмір шахтасында 16 адам қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин ауданында жергілікті энергетикалық компанияға тиесілі көмір шахтасында болған апат салдарынан 16 кенші қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жексенбі күні таңертең «Сунцзао» көмір шахтасында орын алған, бұған дейін көміртегі тотығының шығарылуына байланысты 17 шахтер уланған. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды. 16 адам мерт болды, ауруханада медициналық көмек алған бір адам құтқарылды.

Қайғылы оқиғаның себептері зерттелуде.


Соңғы жаңалықтар