12:33, 19 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Қытайда кеме аударылып, сегіз адам қаза тапты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесінің аударылуы салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Хабарламаға сәйкес, Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясы Лючжи арнайы ауданындағы Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесі аударылып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан және тағы жеті адам із-түссіз жоғалған.
Қазіргі кезде 31 адам құтқарылды.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.
Зардап шеккендер және қаза болғандардың отбасымен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.
Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.
Апат салдары әзірге белгісіз.