Қытайда балабақшада жүрген 11 бүлдіршінді пышақтап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Пинсян қаласында (ҚХР-дың Гуанси-Чжуан автономдық өлкесінде)  4 қаңтар күні қайғылы оқиға орын алды. Белгісіз ер адам балабақша аумағына кіріп келіп, бүлдіршіндерге пышақ ала  ұмтылған. 

Шабуыл салдарынан 11 бала зардап шекті. Қаскүнемді полиция ұстады, деп хабарлайды ТАСС Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап. Жарақат алған барлық балалар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар