Қытайда әскери ұшақ тұрғын үй ғимаратына құлап, бір адам мерт болды

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңертең Қытай әскери-әуе күштерінің J-7 ұшағы Сянъян қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) әуежайға жақын маңда ұшу жаттығуы кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Орталық Қытай телеарнасына сілтеме жасап.

ӘӘК ұшағының Сянъян қаласында тұрғын үй ғимаратына құлауы салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Ұшқыш катапульта жасап үлгерген. Ұшқыш пен зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқан адам мен зардап шеккендердің жергілік тұрғын екені хабарланды.

Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және зардап шеккендердің нақты саны анықталуда.


Соңғы жаңалықтар