Қытайда әл-Фараби мен Абайдың құрметіне естелік конверттер шығарылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде екі мерейтойлық дата: Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған естелік конверттердің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Конверттердің біріне ұлы философ әрі ғалым Әбу Насыр әл-Фараби, тағы біріне ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы бейнеленген.

Конверттердегі суреттердің авторы – қытайлық дипломат, суретші Фэн Ишу.

Автордың айтуынша, оның көркемдік шығармашылыққа бет бұруы қытай тіліне аударылған «Абай жолы» романын оқудан кейін басталған.

«Әл-Фараби – бүкіл әлемге танымал ғалым, философ. Ол – Шығыс ұстазы», - деп атап өтті суретші.

«Менің жұмыстарымның арқасында әл-Фараби мен Абай есімдері Қытайдың қалың жұртшылығының ортасында одан да танымал болатынына үміттенемін», - дейді Ф.Ишу.

ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы филателистер қауымдастығының хатшысы Ма Сяолинь «Әл-Фараби мен Абай суреттері бейнеленген естелік конверттерді шығару – біздің елдеріміздің арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символы болып табылатынын» атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қытай Елшілігінде Фэн Ишудың Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған «Ғасырлар даналығы» атты картиналар көрмесі өтті.


Соңғы жаңалықтар