Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жаңа үкім шығатын күн белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Қытайда істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі 27-28 ақпанда белгілі болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі айыпталушының адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовтің сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Сот отырысы өтетін күн (27-28 ақпан - ред) анықталды. Біз белгіленген уақытты күтеміз», - деді С.Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған болатын.

Ол Малайзияға сәнді киімдердің курьері болып жұмыс жасауға аттанғанын айтып кеткен. Қыздың өзі есірткіні оған арандатушылар салып жібергеніне сенімді.

Бұл іске қатысты Қытай соты ауыр жаза тағайындап, оны өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда кейін, Есірткі, психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес Орталық Азиялық аймақтық орталығы жас қыз нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болуы мүмкін екенін айтқан.

2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот сатысы Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айырған сот үкімінің заңды күшін тоқтатып, алғашқы сот сатысына істі қайта қарау туралы қаулы шығарған. 

Соңғы жаңалықтар