ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Қытайдың «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы мен өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын Өзбекстанда шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту агенттігінің шақыруымен қытайлық «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясының делегациясы 23 шілдеде Ташкентке келді.