Қытай ұлттық ойындары өтетін Сиань қаласында карантин күшейтілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – XIV Қытай ұлттық ойындары өтетін Сиань қаласында (Шэньси провинциясы) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаңдатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ұлттық ойынға қатысуға келген 13 мыңнан астам спортшы, жаттықтырушы, төрешілер мен тілшілер «ұлттық ауылда» карантинге жіберілді.

Карантин талаптарының қатарында ойынға қатысушылармен оған қатысы бар барлық қызметкерлердің вакцина алуын бақылау, олардың денсаулық жағдайын үнемі қадағалау мен спорттық шараға қатысушыларды коронавирусқа қарсы тест-сынағынан өткізу жатады.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, ойынды тамашалауға жарыс басталардан 14 күн бұрын COVID-19-ға вакцина алған және спорттық шара ашылғанға дейін 72 сағат бұрын ПТР тест-сынағын тапсырған көрермендер ғана жіберіледі.

Коронавирустың таралуын азайту мақсатында ұлттық ойын кезінде Сиань қаласындағы халық баратын 4 мыңнан астам көрікті жерлердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Ағымдағы жылдың қазан айында «the Beijing 2022 Playbook» жарияланады деп күтілуде, онда барлық мүдделі тараптар үшін нұсқаулықтар және алдағы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында COVID-19-дың алдын-алу мен бақылаудың нақты шаралары көрсетіледі.

Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді.


Руслан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар