+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қытай топырақ үлгісін әкелу үшін Айға ғарыш аппаратын ұшырды

2020 жылғы 24 қараша 08:51
Бөлісіңіз:
Қытай топырақ үлгісін әкелу үшін Айға ғарыш аппаратын ұшырды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай сейсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралдық провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан Айды зерттеу үшін «Чанъэ-5» зонды бар «Чанчжэн-5» зымыранын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі ҚХР Мемлекеттік ғарыш басқармасы (МҒБ) хабарламасына сілтеме жасап.

Зондтың міндеті – Айдың бетінен топырақ үлгісін жинап, Жерге жеткізу. «Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр.

Есеп бойынша, ғарыш аппараты Айдың бетіне биыл желтоқсанның басында қонады. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады.

Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады.

МҒБ Ғарыш инженериясы және Айды зерттеу орталығының өкілі Пэй Чжаоюйдің айтуынша, «бұл миссия ғарышкерлердің Айға ұшып, ғарышты терең меңгеріп, сынама алып, Марстан, астероидтан және басқа да аспан денелеріне ұшу үшін негізгі іргетас болмақ».

«Чанъэ-5» зонды модульдерін ай маңындағы орбитада түйістіруге негізделген күрделі технологиялық тәсіл Айдағы пилоттық миссияларға технологиялық негіз болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қытайлық сарапшы.

Еске сала кетсек, Айды зерттеуге арналған Қытай бағдарламасы 2004 жылы іске қосылды. Ол үш кезеңнен тұрады: Айды айналып ұшу, оның бетіне қону және Жерге айдағы топырақ үлгісін жеткізу.


Авторы Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT