+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

2021 жылғы 14 наурыз 11:48
Бөлісіңіз:
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай мен Қазақстан арасында Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағдары іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Чехияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам жарақаттанды, екеуі мерт болды

Сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар «Қытай –Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды.

«Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін», – деп мәлімдеді қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясы.

China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында «Қытай – Еуропа экспресін» дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.


Авторы Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT