Қытай коронавируспен күресте халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән береді – ШЫҰ бас хатшысы

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қауіп туындаған сәттен бастап (коронавирустың өршуі) Қытай тарапы індеттің таралуын алдын алу үшін халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беріп отыр. Мұндай мәлімдемені Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысы Владимир Норов жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШЫҰ хатшылығына сілтеме жасап.

В.Норов Қытай басшылығымен құрылған алдын алуға және бақылауға бағытталған жалпыұлттық жүйе жақын арада коронавирус індетін жеңіп шығатынын атап өтті.

«Қытай халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сөз бен іс жүзінде өз аумағында жүргендердің барлығына бірдей көзқарас танытады және қытайлықтардың да, шетелдік азаматтардың да денсаулығы мен қауіпсіздігін тиімді қорғауды жалғастыруда», — деді ол.

Бас хатшының айтуынша, ШЫҰ елдері індетке қарсы іс-қимылда Қытайға көмек көрсетуге, жалпы қауіптің алдын алу үшін салалық министрліктер мен ведомстволардың жұмысын үйлестіруді күшейтуге дайын.

«ҚХР-дың халықаралық қоғамдастықтың белсенді ынтымақтастығы кезіндегі үйлестірілген іс-қимылының арқасында індеттің таралуы тоқтатылатын болады деген сенімдемін», - деп атап өтті В.Норов.


Соңғы жаңалықтар