+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қытай коронавирусқа қарсы күресте қиын жағдайда тұр

2020 жылғы 26 қаңтар 20:25
Бөлісіңіз:
Қытай коронавирусқа қарсы күресте қиын жағдайда тұр

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай жаңа коронавирустың таралуына байланысты туындаған эпидемияны қадағалау және алдын алуда өте қиын жағдайда тұр. Бұл туралы жексенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комиссияның басшысы Ма Сяовэй баспасөз-конференциясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайлық шенеуніктің айтуынша, коронавирустың таралу жылдамдығы артып жатыр.

«Ухандағы ауру вирустың бүкіл ел аумағына (Тибетті қоспағанда) таралу тенденциясын көрсетті. 30 провинцияда жаңа коронавирусты жұқтырған адамдар анықталды», - деп атап өтті МаСяовэй.

Ол аурудың салыстырмалы түрде «маңызды әрі күрделі кезеңге өткенін» айтты. Оның болжауы бойынша, «аурудың таралуы бірнеше уақытқа созылады». Дегенмен, денсаулық сақтау саласындағы алдын алу және қадағалау шаралары нәтиже беріп, эпидемияның таралу қаупі төмендеген.

Еске сала кетсек, жаңа коронавирус түрі тудырған пневмонияның жылдам таралуына байланысты 30 провинцияда (автономды аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) Төтенше жағдайға әрекет етудің бірінші дәрежесі енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, ауруды жұқтырғандар саны 1995 адамға жетіп, 56-і көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT