Қытай кеденінде жөнелтілетін ағаш арасынан ұзындығы 4 метрден асатын кобра табылды

Фото: None
НАНКИНГ. Синьхуа – ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясының кеденшілері импорттық ағаш жөнелтілімінің арасынан ұзындығы 4 метр, жуандығы ересек адамның қолындай ірі «корольдік» кобра тәркіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Корольдік кобралар - әлемдегі ең үлкен және ең улы жыландар. Олар негізінен Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияда кездеседі. Жыланның бұл түрі ел аумағына енсе, адам өмірі мен экожүйесіне қауіп төндіруі мүмкін.

Кобраның шаққаны өте қауіпті, тіпті өліммен аяқталуы мүмкін. Адам дем ала алмай қалады, ал 15 минуттың ішінде алғашқы көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Чжанцзяган кедені тиісті органдарға хабарласып, одан әрі шара қолдану жөнінде нұсқау күтуде.


Соңғы жаңалықтар