Қытай қазақстандық арпа мен жүгері кәсіпорындарын тексермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай қазақстандық арпа мен жүгері кәсіпорындарын тексермек. Бұл туралы «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумында ҚР Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы тауарлары өнімдерінің көптеген түрін Қытайда сатуға рұқсат етілген. Олардың қатарында мұздатылған сиыр, қой еті, өсімдік өнімдері, кондитерлік өнімдер, өңдеу өнеркәсібі өнімдері бар.

«Қазіргі уақытта Қазақстанға қытай инспекциясы келуде. Олар арпа мен жүгері өндіретін 18 кәсіпорынға тексеру жүргізеді. Соның нәтижесінде жылдың соңына дейін аталған кәсіпорындарға Қытай нарығына шығуға рұқсат беріледі деп ойлаймыз. Сонымен қатар қыркүйек айының соңында кейін ірі қара мал соятын орындарға қайтадан тексеру жүргізіледі деп күтіп отырмыз. Содан кейін тағы да бірнеше кәсіпорын тауарларын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік алады», - деді Нұралы Бөкейханов.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Қытайға экспорты 5 млрд 600 млн доллардан асып жығылған. Ал Қытайдан келетін импорт 4 млрд 492 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар