Қытай ғарыш аппараты Марс бетіне сәтті қонды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат — «Чжужун» деп аталатын аппарат Марс ғаламшарының топырағын, ионосферасын және климатын зерттеумен айналысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа жаңалықтарына сілтеме жасап.

Марсты зерттейтін қытайлық «Тайвэнь-1» аппараты ғаламшар бетіне сәтті қонған.

Бұл — Қытайдың басқа ғаламшарда ғарыш зондын қондырған алғашқы жағдай.

«Чжужун» Марста жүруші аппарат ғаламшар топырағын, ионосферасын және климатын зерттеумен айналысады.

«Тайвэнь-1» автоматты ғарышаралық станса 2020 жылғы 23 шілдеде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған еді.

Ақпан айында ол Марс орбитасына жетті.


Соңғы жаңалықтар