Қытай «Гаофэнь-13» спутнигін сәтті ұшырды

None
None
СИЧАН. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – «Гаофэнь-13» спутнигі Бейжің уақытымен бүгін 00:57-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Сичан ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ғарыш аппаратын «Чанчжэн-3в» зымыран-тасығышы алып ұшырты және ол белгіленген орбитаға сәтті шығарылды.

«Гаофэнь-13» мемлекеттік аумақты зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалау, қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жасау, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы хабарлау, сондай-ақ дүлей зілзалалардың кешенді алдын алу үшін пайдаланылатын болады.

Бұл – «Чанчжэн» сериялы зымыран-тасығыштың 349-шы рет ұшырылуы.


Соңғы жаңалықтар