Қытай билігі маймыл шешегінің таралуының алдын алу жұмыстарын күшейтті

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау комитеті маймыл шешегінің емі бойынша нұсқаулық құрастырды, ол осы инфекцияны ерте диагностикалауға және стандартталған емдеуге бағытталған. Тиісті құжат агенттік сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатта елдегі барлық аймақтық билік маймыл індетін диагностикалау мен емдеуге байланысты оқыту курстарын ұйымдастыруы керектігі атап өтілген.
«Маймыл шешегін жұқтыру жағдайларын дер кезінде анықтау, бұл туралы хаттамаға сәйкес хабарлау және жұқтырғандарға медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру қажет», - делінген ведомство құжатында.
Сонымен қатар, дәстүрлі қытай медицинасының мүмкіндіктерін осы вирустық инфекцияның алдын-алу және емдеуде қолдану ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар