Қытай «Бэйдоу» навигация жүйесінің соңғы жерсерігін ұшыратын күнді жариялады

None
None
СИЧАН. ҚазАқпарат – «Бэйдоу» навигация жүйесінің соңғы жерсерігін 16 маусымда ұшыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытайдың навигация жүйесінің жерсеріктер іс бойынша кеңсесі дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бэйдоу-3» навигация жүйесінің геостационарлық жерсерігі Қытайдың оңтүстік-батысында Сычуань проовинциясындағы «Сичан» ғарыш айлағынан ұшырылады. «Ұлы сапар-3» зымыран тасығышы жерсерікті орбитаға жеткізеді. Ұшырылым Бейжің уақытымен 16 маусымда сағат 10:11 мен 10:50 аралығына белгіленген.

Қазір «Бэйдоу-3» аппаратын жердегі техникалық сынау және ұшырылым алдындағы басқа да техникалық әзірлік жұмысы аяқталған.


Еске сала кетсек, Қытайдың «Бэйдоу» навигация жүйесі үш кезеңде жүзеге асырылды. 2000 жылы Қытай аумағын қамтитын «Бэйдоу-1» жүйесінің бір бөлігі қалыптастырылды, 2012 жылы Азия-Тынық мұхит аймағын қамтитын «Бэйдоу-2», 2020 жылы жаһандық навигациялық топты қамтитын «Бэйдоу-3» қолға алынды. «Бэйдоу-3» жүйесінде 30 жерсерік бар, оның 29-ы Жер айналасына орбитаға шығарылған.


Авторы Руслан Сүлейменов



Соңғы жаңалықтар