Қытай бензин мен дизельдік отын бағасын жыл басынан оныншы рет көтерді

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай мемлекеттік реттеуіші 2022 жыл басталғалы бері бензин мен дизельдік отынның бөлшек бағасын оныншы рет көтеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі ҚХР даму және реформалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ДРІМК) мәліметіне сілтеме жасап.

ДРІМК мәліметінше, бір тонна бензин бағасы 400 юаньға (баррелі 6,94 доллар), дизельдік отын - 390 юаньға (баррелі 7,76 доллар) өседі. Бензин мен дизельдік отынның қымбаттаған бағасы 31 мамырдан бастап күшіне енеді.

Аталған комитеттің мониторинг орталығының деректеріне сәйкес, сәуір айында Қытайдың 36 қаласында 92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасы литрі үшін 8,53 юаньді (1,34 долларға жуық), 95 маркалы бензин литрі үшін 9,16 юаньді (1,43 доллар) құрады.


Соңғы жаңалықтар